12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

№64 мекемеге діни әдебиеттер сыйға тартылды

Астана қаласының қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі аралас тергеу изоляторында ұсталынантын күдіктілер мен айыпталушыларды қоғамнан уақытша оқшаулауға арналған мекеме. Осы мекемеде жабық кеңістікте болу, отбасы мен достарынан алыста болу, тергеу изоляторындағы адамның моральдық-психологиялық жағдайына өз ізін қалдырады. Бұл жағдайда мекеме психологтары мен мекеме қызметкерлерінің кәсібилігі мен қатар көркем әдебиет пен діни әдебиеттер көмекке келеді.

Кітап-бұл білім көзі ғана емес, сонымен қатар жаңа болып жатқан оқиғалардан ойын басқа жаққа бөліп, ойдан шығарылған әлемге еніп, кейіпкерлердің ойлары мен сезімдеріне ену мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Сондықтан пенитенциарлық мекемелердің кітапханалары үшін қорларды толықтыру және жаңарту мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. Бүгін елордалық тергеу изоляторы үшін Астана қаласы Дін Істері Басқармасының күтпеген сыйы болды. Сараптамадан өткен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мақұлдаған 40-тан астам кітап, оның ішінде-қазақстандық авторлардың көркем шығармалары, сондай-ақ қазақ тіліне аударылған қасиетті Құранның 10 данасы мекеме кітапханасына сыйға тартылды.

— Біздің мекемеде орта есеппен 500-ге жуық адам ұсталады. Күн сайын оқылған кітаптарды, оның ішінде діни сипаттағы кітаптарды ауыстыру үшін кітапханашыны режимдік корпусқа жіберуді сұрайтын кемінде 30 өтініш келіп түседі. Егер салыстырмалы түрде қарайтын болса, көркем әдебиет пен қатар діни әдебеттергеде сұаныс жоғары. Сондықтан бүгінгі сыйлық біз үшін өте құнды деп — №64 мекеме бастығы әділет подполковнигі Ағыбай Кәкімжанұлы Мұхин сөзін аяқтады.

— Мекеме әкімшілігі мен басшылығы дін істері басқармасының қызметкерлеріне кітапхана қорын толықтырғаны және мекемеде ұсталған тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандарды түзету жолында  көмектескені үшін алғыс білдіред.

Араб тілі апталығы Қазақстанда жұмысын бастады

2025 жылдың 11 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

Үкімет цифрландыру қарқынын күшейтті

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геология және...

Елімізде алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ел...

«Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» форумы өтті

8 қараша күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында...