Елордалық түрмедегі жазасын өтеушіге аса ірі көлемдегі есірткі затын алып кірмек болған

Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің мекемесінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша сотталушыға алып келінген  сәлемдемені тексеру кезінде есірткі заты табылды, атап айтқанда салмағы 6 грамм болатын героинді мекемеде жазасын өтеушіге елорда тұрғынының алып кіру әрекеті құрықталды.

Табылған есірткі заттары мақта жастықшаларын құрамында героин бар сұйықтықпен сіңдіру арқылы күрделі түрде жасырылған.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

№2 мекеменің жедел бөлімінің және елордалық департаменттің қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен қырағылығының арқасында мекемеге есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды. Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіруіне жол бермеу бойынша осы бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда — деп атап өтті Астана қаласының ҚАЖД бастығы Даулет Рақымбеков.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...