2023 жылғы 13 қаңтарда Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің базасында ведомстволық бағынысты мекемелердің жеке құрамы мен басшылығының қатысуымен жедел кеңес өткізілді, онда 2022 жылғы қызметтің қорытындылары шығарылды.
«Өткен жылғы жұмыс нәтижелерін қарастыра отырып, Астана қаласының мекемелеріндегі жедел жағдай тұрақты болып қалғанын атап өтуге болады. Алдын алу шараларының, қылмыстар мен суицид фактілерінің арқасында арнайы контингент арасында жол берілмеді, сотталғандардың өзіне дене жарақатын салу фактілерінің саны 1,5 есе азайды. Сотталғандардың жұмыспен қамтылу пайызы артты. Сонымен қатар, бүгін біз Департамент пен оның бөлімшелері қызметінің жағымсыз тұстарын сыни тұрғыдан қарастыруымыз керек. Алдағы міндеттерді анықтау үшін біз өз кемшіліктерімізді білуіміз керек, және оларды түзету қажет», — деп атап өтті әділет полковнигі Рамазанов Нұрлан Балтабайұлы.
Жедел кеңес барысында ведомстволық бағынысты мекемелерде ұстау режимін қамтамасыз ету, тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу, психологтың есебінде тұрған адамдармен олардың тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және оларға жол бермеу, өндірісті жүктеу және сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында уақтылы және тиімді жұмыс істеу мәселелері қаралды.
Кеңестің маңызды мәселесі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін цифрландыру, оның ішінде «үздіксіз» бейнебақылауды енгізу, қызметкерлердің киілетін бейнетіркегіштерді пайдалануы, сондай-ақ сотталғандардың электрондық өтініштерін беру үшін терминалдардың жұмыс істеуі болды.
Кеңестің едәуір бөлігі пробация қызметтерінің қызметіне, атап айтқанда олардың тарапынан қайталанған қылмыстарды болдырмау мақсатында есепке алынған адамдарды бақылау жөніндегі жұмысына арналды. Әрбір аудандық пробация қызметінің және олардың тікелей басшыларының жұмыс нәтижелері қаралды.
Әділет полковнигі Н.Рамазанов жеке құраммен тәрбие жұмысына, қызметкерлерді кәсіби даярлауға, олардың қызметтегі және тұрмыстағы мінез-құлқына, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға ерекше назар аударды. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері сауатты, азаматармен сыпайы және әдепті қарым-қатынас жасай бшлуі тиіс» — деді ол.
Кеңесті қорытындылай келе, Нұрлан Балтабайұлы жыл қорытындысы бойынша Ішкі істер министрінің алқаға қойылған міндеттерін жеке құрамға жеткізіп, Департаменттің әрбір бөлімшесі үшін нақты міндеттерді белгіледі.
Астана қаласы бойынша ҚАЖ
департаменті Штабтың бас маманы
әділет полковнигі О.Романовская


