12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТТЕГІ ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНЕ КЕЛДІ

2-қазан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкенттегі түзеу мекемелерінің бірінде болып, жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесті.

Бас мүфтиді Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков және орташа қауіпсіздіктегі мекеменің жауапты қызметкерлері қарсы алып, мекеменің іс-шараға бейімделген клуб-залына алып келді. Онда 300-ге жуық жазасын өтеушілер мәртебелі дін өкілінің ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетудің, рухани бірлікті нығайтудың, құран аяттарын дұрыс түсінудің, бір мәзһабты ұстанудың маңызы жайлы әңгімелерін тыңдап, діни кеңестер алды.

Наурызбай қажы Тағанұлының: «Бей-берекет сөзден сақтану керек», «Нақты бір іске көзің жетпей үкім шығарушы болма», «Дауды кітап шешеді» деген тақырыптарға аса мән беріп, оның мағынасын таратып айтып беруі де айрықша әсер қалдырды.

Орташа қауіпсіздіктегі бұл аталған түзеу мекемесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру тобымен жыл басынан бері 130-ға жуық діни сұхбаттар, топтық қабылдаулар өткізілген. Оған Шымкент қаласының имамдары мен «Ақ ниет» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығының теологтары, білікті мұғалімдер мен психолог-мамандар тартылған. Діни көзқарастағы сотталғандарға арналған мекеме ішілік колледждің және арнайы орта білім беретін мектептің де  өз тыңдаушылары бар.

 Айта кетуіміз керек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұндай кездесулерді бұған дейін Атырау және Алматы облыстарында өткізген екен.

Сейтхан Зеберханұлы,

Шымкент қаласы және

 Түркістан облысы бойынша

 ҚАЖ Департаментінің

баспасөз хатшысы.

Бейнеконференц байланыс арқылы өткізілетін сот отырысының ерекшеліктері

Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану...

Халықаралық құқықтық көмек – азаматтардың құқығының кепілі

Қазіргі таңда мемлекеттер тек саясат пен экономикада ғана емес,...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...