Балаларға арналған мереке

2022 жылғы 6 мен 8 желтоқсан аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде, Астана қ. бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Есіл аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен пробациялық бақылауда тұратын «К» есімді сотталғанның балалары үшін «Discovery Coffee» кофеханасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Көпбалалы ананың асырауында төрт бала бар, үшінші қызы мүгедек бала болып келеді. Пробация қызметінің есебінде тұратын тұлғалар қатарынан ерікті «С» есімді сотталған, 3 және 4 желтоқсанда дүниеге келген екі қыздың туған күндеріне орай, кішкентай қонақтарға мерекелік дастархан  ұйымдастырды. Мереке, көптен бері қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда ынтымақтаса келе жатқан жанашыр еріктінің арқасында сәтті өтті.

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...