12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы – ОАЕКК төрағасы: Орталық Азиядағы жұмыскерлердің құқықтарын қорғаудағы жаңа серпін

2023 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесіне төрағалық ету қызметін бастады. Ағымдағы жылғы ОАЕКК қызметінің негізгі бағыттары туралы – ҚРКФ Медиа орталығының ақпаратында.

Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі – Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан ұлттық кәсіподақ орталықтарының бірлескен бастамасымен 2021 жылдың қарашасында құрылған бірегей интеграциялық құрылым.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 10 қарашада Өзбекстан астанасы Ташкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Өзбекстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратилла Рафиков пен Тәжікстанның Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Маликшо Нематзода Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесін (ОАЕКК) құру туралы Хаттамаға қол қойды.

Кеңестің мақсаты – еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек, кәсіптік, экономикалық және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ, кәсіподақтардың құқықтары мен кепілдіктерін қорғау бойынша ОАЕКК мүшелерінің іс-әрекеттерін біріктіру.

Кеңес құрылғаннан бері өткен кезең ішінде оның мүшелері ОАЕКК мүше елдерде әлеуметтік және еңбек қатынастарын жетілдірудің ортақ тәсілдерін әзірлеуде ұлттық кәсіподақ орталықтарын одан әрі біріктіруге, мәдени, спорттық және сауықтыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, құрылымның аумағын кеңейтуге бағытталған бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізді. 2022 жылы ОАЕКК мүшелерінің қатысуымен үш халықаралық конференция (Астана, Алматы, Душанбе) және ОАЕКК елдерінің ұлттық кәсіподақ орталықтары кәсіподақ командаларының шағын футболдан Бірінші кубогы (Ташкент) өткізілді.

Орталық Азия елдері кәсіподақтарының кеңесі мүшелерінің – қатысушы елдердің ұлттық кәсіподақ орталықтары көшбасшыларының Ташкентте өткен ІІ отырысында (2022 жылғы 21-23 қыркүйек) ұйымның құрамына жаңа мүшелерді – Қырғызстан Кәсіподақтар федерациясы және Моңғолия Кәсіподақтар конфедерациясын олардың бұрын жіберген өтініштері бойынша енгізу туралы шешім қабылданды, сондай-ақ, Кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен Ұйымның Бас хатшысы болып қазақстандық кәсіподақтардың көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин сайланды.       

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесін құру Орталық Азия аймағындағы 15 миллионнан астам жұмыскердің лайықты еңбек стандарттары мен оған әділ еңбекақы төлеуге, еңбек көші-қоны мәселелерін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің жалпы мәселелерін шешуге деген ұмтылысындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. ОАЕКК сайланған Бас хатшысы Кеңес қызметін дамыту және кеңейту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

2022 жылдың қарашасында Мельбурн қаласында (Австралия) өткен ХКК V конгресінде қабылданған Жаңа әлеуметтік келісімді жүзеге асыру бойынша ОАЕКК мүше елдердің халықаралық институттармен – Халықаралық еңбек ұйымымен және Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясымен ынтымақтастығын одан әрі нығайту – ОАЕКК қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі.

Жыл сайын Орталық Азия елдерінің Субөңірлік кәсіподақ форумын өткізу жоспарлануда, онда кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелері бойынша ортақ тәсілдер талқыланып, әзірленеді. ОАЕКК мүшелері әлемдік кәсіподақ қоғамдастығына ұлттық кәсіподақ орталықтарының көзқарастарының дәйектілігін көрсете отырып, кәсіподақ қызметінің ең өзекті халықаралық мәселелері бойынша ортақ ұстанымды білдіреді. 2023 жылы Қазақстанда ХЕҰ мен ХКК өкілдерінің қатысуымен бірінші форумды өткізу жоспарлануда. ОАЕКК аясында Орталық Азиядағы жұмысшы жастардың мәселелерін қарастыратын Бірінші Жастар форумын да өткізу болжануда.

Сондай-ақ, биылғы жылы Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы жанындағы Кәсіподақтың Еңбек академиясының базасында Бірыңғай білім беру хабы одан әрі дамытылады, онда тұрақты негізде ОАЕКК мүшелері – Ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдері тұрақты негізде кәсіподақ қызметінің озық тәжірибесімен алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, ОАЕКК Бас хатшысы кәсіподақ мүшелерін Кеңеске мүше елдердің кәсіподақ шипажайларында санаториялық-курорттық-сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз ету үшін кәсіподақтың Бірыңғай денсаулық және туризм картасын әзірлеуді ұсынды. Жаңа ОАЕКК ақпараттық-коммуникациялық ресурсы да пайда болады.

Еске салайық, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы – елдегі еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен кәсіби түрде айналысатын ірі қоғамдық ұйым. ҚРКФ 23 салалық, 17 аумақтық кәсіподақ бірлестігі мен 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарын қамтиды, кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны шамамен 1 700 000 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы әлемнің 163 елінен 176 миллион адамды біріктіретін Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының толыққанды мүшесі болып табылады.

ҚРКФ медиаорталығы

Жалған марапат тарататындарға жаза бар ма?

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік, ведомстволық және жеке ұйымдардың орден,...

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және оны өткізу кезінде қауіпсіздікті...

Алтын ұрлап, айыпты болды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қала...

Көршісінің үйінен тоңазытқыш ұрлаған жас жігітті полиция ұстады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясы көршісінің үйіне ұрлыққа түскен...

КЕЗЕКТІ ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫНДА ЖАСТАР ӨЗ ОТАНЫН СҮЮГЕ АНТ БЕРДІ

Отырар аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Шәуілдір ауылында орналасқан...