Страндж кубогы: Қазақстандық 4 боксшы қыз алтынға таласады

Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпанның 25-нен 26-сына қараған түні жартылай финалдық жекпе-жектер мәресіне жетті. Нәтижесінде аталған турнирдің финалына қазақстандық боксшы қыздардың төртеуі шықты.

Атап айтсақ, Болгария астанасында өтіп жатқан кіші әлем чемпионатының финалында алтынға Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбайева таласады.

Финал:

50 келіге дейін Назым Қызайбай (Қазақстан) — Боуалем Роумайса (Алжир) 54 келіге дейін

Дина Жоламан (Қазақстан) — Станимира Петрова (Болгария) 70 келіге дейін

Валентина Хальзова (Қазақстан) — Галина Головченко (Ресей) 81 келіден жоғары Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) — Дулма Лумбунова (Ресей)

Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген төрт бұрымды боксшымыз халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Олар — Римма Волосенко, Дариға Шәкімова, Надежда Рябец және Анастасия Баязитовалар қола медаль иегері атанды.

Айта кетейік, Страндж кубогы турнирінің финалистері арасында Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейден кейін екінші орында тұр. Елімізден 4 боксшы алтынға таласса, Ресейден финалға алты боксшы шықты.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...