12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ресейлік «Спутник V» КСРО кезеңінен бергі ғылыми жетістік деп аталды

АҚШ-тың танымал Bloomberg басылымы ресейлік «Спутник V» вакцинасын КСРО кезінен бергі ең үлкен ғылыми жетістік деп атады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Журналистер мәліметінше, көптеген ел The Lancet беделді медициналық журналында «Спутник V»-нің жоғары тиімділігін растайтын клиникалық зерттеудің үшінші кезең нәтижесі жариялағаннан кейін препаратты алуға «кезекке тұрған».

Мақала авторлары пандемияны жеңу үшін жаһандық шайқаста «вакциналар жарысы» геосаяси маңызға ие болғанын атап өтті. Үкіметтер шектеу шаралары енгізілгеннен кейін үлкен әлеуметтік-экономикалық залалды жеңу жолдарын іздеді. Бұл ретте, Ресей ғалымдары сапалы вакцина жасай алатын санаулы елдің бірі ретінде артықшылыққа ие болды деп жазды хабарламада.

«Ресей кеңес дәуірінен бері өзінің ең үлкен ғылыми жетістігін жасады», — деп қорытындылады Bloomberg.

Осы аптада The Lancet журналы «Спутник V» сынағының үшінші кезең қорытындысын жариялады. Зерттеулер ресейлік вакцинасының жоғары қауіпсіздігі мен тиімділігін 91,6 пайыз деңгейінде растады. Сонымен қатар, Гамалея орталығының ғалымдары вакцина Сovid-19-дан толығымен қорғайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) «Спутник V» вакцинасының жоғары тиімділігі туралы түсініктеме берді.

Ресейдің «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасын Қазақстанның бірнеше шенеунігі және көптеген дәрігер салдырды. Алайда вакцина елде әлі ресми тіркелмеген.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтар мен заңды тұлғалар шетелге жиі...

Қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтудағы соттардың рөлі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді...

Сот құжаттарын шетелде тану: апостиль қою мен электрондық үкіметтің мүмкіндіктері

Қазіргі таңда жаһандану мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы әр азаматтың...

Қонаевтан Токиоға дейін: қазақстандық хирургтер Жапонияда тағылымдамадан өтеді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жапониялық жетекші мамандардың қатысуымен оперативтік...

От Конаева до Токио: казахстанские хирурги пройдут стажировку в Японии

В Городской многопрофильной больнице Конаева стартовал международный мастер-класс по...