12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотты өзің таңдай аласың

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жаңғырту мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 84-Заңы қабылданған.

Осы заңмен Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің 32 бабына толықтырулар енгізілді атап айтқанда 32-бап. Шарттық соттылық

      Тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай алады» осы өзгеріс 01.08.2022 бастап қолданыла бастады.

            Аумақтық соттылық-тараптардың аумақтық соттылығына қарамастан, іс қаралатын сотты анықтаудың ерекше тәртібі.

            Ал әкімшілік істер бойынша өзгерістер 2025 жылдың наурыз айының 1 нен бастап күшіне енді, енді заңда белгіленген істердің жекелеген саннаттарын қоспағанда, талап қоюшы істің сот талқылауына жіберілгенге дейін сотта қаралып жатқан әкімшілік істер бойынша аумақтық соттылықты таңдай алады.

            Яғни, талап қоюшы мен жауапкер (әрі қарай-Тараптар), жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа талап беріп сол талапты судья сот талқылауына дайындау сатысында тараптардан судьяға талап қоюды басқа сотқа беру туралы бірлескен өтініш түскен жағдайда судья дәлелді ұйғарым қабылдап талапты аумақтық соттылығы бойынша жолдайды.

            Аумақтық соттылық қалай таңдалады десеңіз тараптардан бірлескен өтініш түскен жағдайда судья талапты қайтадан аумақтық соттылық бойынша тиісті бағдарламаның тиісті тетігін басқан уақытта автоматты түрде талап қарауға берілетін сот атау таңдалады содан кейін судья талапты аумақтық соттылығы бойынша жолдау туралы ұйғарым қабылдап талапты сол электронды түрде таңдалған сотқа жолдайды, аталған сот талапты қабылдап істі заң талаптарына сай мәні бойынша шешеді.

            Аудандық сотқа ағымдағы жылдың 7 айында осындай аумақтық соттылық бойынша Ақмола облысының аудандық соттарынан, Павлодар қалалық сотынан, Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотынан барлығы 5 талап қою түсіп қаралу барысында.

            Аумақтық соттылықтың артықшылықтары; Талап қоюшыға қолайлылық, Сот процесін жеңілдету.

            Аумақтық соттылық істердің барлық санаттарына қолданыла бермейді.

            Сондықтан ісіңізді басқа жақтың сотына қарауға беру үшін тек сотқа тараптар арасындағы өтініш болса жеткілікті болады соның негізінде автоматты түрде таңдалған Республиканың бүкіл аумағында орналасқан кез келген сотта арызыңызды қаратуға құқыңыз бар және ол сотқа барып қатыссаңызда немесе кез келген байланыс түрімен (онлайн) түрде қатыссаңызда болады.

                                                                                                      Аян Алтынбаев,

                                                                                                      Жалағаш аудандық сотының

                                                                                                 Әкімші басшысы

                                                                                                    «Қызылорда облыстық судьялар    

                                                                                                      Одағының мүшесі»

Татулық тірегі

Туған елім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе...

2027 жылдың соңына дейін Күршім ауданының барлық ауылдары интернетпен қамтылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының тұрғындарымен...

Спорт – стратегический ресурс Казахстана: цифры, факты,реформы

Каждый год в третье воскресенье августа в Казахстане отмечают...

СҚО-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «EcoLife: жастардың таңдауы» атты экологиялық интерактиві өтті

Петропавлда Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белсенді...

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай ауқымды тегін құқықтық көмек акциялары өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде...