Сотталғандарға ұлттық ойыннан сайыс өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мемлекеттік мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында наурыз мерекесіне орай спорттық іс-шара өткізілді.

Жазасын өтеуші азаматтар арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, ләңгі тебу бойынша сайысқа түсті.

«Бүгін жазасын өтеушілер арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеп, оларды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының маманы шақырылып, ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтуде. Бұл жерде әр жасақтан топ құралып, қатысушылар бар ерік-жігерлерін жинап, күш сынасып жатқанын байқауға болады», – деді тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы, аға лейтенант Бақдәулет Мырзахан.

Сайыс нәтижесі бойынша “гір тасын” 43 рет көтерген “А” есімді сотталған І орын иеленсе, “ләңгіні” 71 рет тепкен “С” есімді қатысушы алдыңғы қатардан көрініп, “арқан тартыс” сайысы бойынша 5 “В” жасағы, қол күрестен “Н” есімді сотталған үздік деп танылды. Шара соңында жүлделі сыйлықтар табысталып, әр қатысушы алғыс хатпен марапатталды.

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...