Сотталғандарға психологиялық көмек көрсетілді

Алматы қаласы Алмалы ауданы пробация қызметі бөлімінде қазіргі таңда шартты және бас бостандығы шектелген, сондай-ақ түзеу мекемелерінен жазасы жеңіл жаза түріне ауыстырылып, тіркеуге алынған 231-ге тарта сотталғандар жазасын өтеуде. Олардың көпшілігінің алдында әлеуметтік шарасыздық, психологиялық дағдарыс және құқықтық сауатсыздық сияқты қиындықтар туындайды.

Пробация қызметі бөлімінің қызметкерелімен әр сотталғанмен жеке сұхбат жүргізіліп, олардың әлеуметтік-құқықтық қажеттілігі, қайта қылмыс жасауға бейімділігі, отбасылық жағдайы анықталынып, жеке бағдарлама құрастырылады. Осы бағдарлама аясында сотталғанның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына қадағалау және түзетулер енгізу үшін іс-шаралар атқарылады.

Алмалы ауданы пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған сотталғандар шақырылып, «Нұрлы бағдар» қоғамдық қорының психолог маманы ҰҚК академиясының оқытушысы, писхолог-террологпен «Стрестік жағдайдан шығу жолдары» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді.  Әр сотталғанмен сауалнамалық сұрақтар жүргізіліп, өмірге деген көз-қарастары мен пікірлері туралы мағлұмат алынды. Алынған ақпарат нәтижесі бойынша болашаққа жоспар мен талаптар қойылып, бағыт-бағдар берілді. Тренингке қатысқан сотталғандарға жеке психологиялық мінездеме беріліп, жеке істеріне тіркелінді.

Сөз соңында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың «Адамның мінезін түзетуге болмайды, деген адамның тілін кесуші едім» деген мағыналы сөзін мысалға келтіре отырып, шалыс басқан кез-келген адамды қаралаудан бұрын, қоғамға енді қайта зиян келмес үшін, саналы азамат ретінде ортаға қосылуына ықпал ету, біздің азаматтық парызымыз деп білеміз!

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық...

«Бүркітші» dark-триллерінің тұсауы кесілді

Алматыда қазақстандық режиссер Қуаныш Стахановтың «Бүркітші» фильмінің тұсаукесері өтті....

Сот төрелігінің ашықтығы – қоғам сенімінің негізі

Сот жүйесіне деген қоғамдық сенім – құқықтық мемлекеттің маңызды...

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...