Сотталғандар аттестат алды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 15 азамат кешкі мектеп мұғалімдерінен ортаңғы білімін дәлелдейтін құжат алды. Сотталған азаматтарға Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдері білім береді. Оқуға қабылданған азаматтардың ішінде өзге ұлт өкілінен де бар. Білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес білім беретін ұстаздар оқушыларын аттестат алуларымен құттықтап, сотталғандардың өз деңгейінде білім алуларына жағдай жасағаны үшін мекеме басшылығына алғысын білдірді.

Кешкі мектептің ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде ашылғанына он жылға таяу уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз сотталған азаматтармен тығыз байланысып, еркіндікте жүрген оқушылармен тең дәрежеде қараймыз. Қазіргі таңда сотталған азаматтарға сабақ беру үшін 9 мұғалім сабақ береді. Оқу жылының сәтті аяқталуымен сотталған азаматтарды құттықтаймыз. Алдағы уақытта жаңа оқу жылында білім алуға ниет білдірген азаматтарды оқуға қабылдау жұмыстарын жүргіземіз — деді сотталғандарға білім беруші мұғалім Насибеков Ташкенбай.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...