Сотталған қарияларға құрмет көрсетілді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде жазасын өтеп жатқан қариялар «Халықаралық қарттар күнімен» құттықталды.
Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған, араларындағы қарттарды «Халықаралық қарттар күнімен» құттықтады. Қазіргі таңда мекемеде ұсталатын 547 сотталғанның ішінде 3 қария жасына келген қарттарды, сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлім бастығы Асхат Керимханов мерекемен құттықтады. Оның ізгі тілектерін, сотталғандардың орындауындағы, қазақтың қара домбырасымен сүйемелденген «қариялар азайып бара жатыр» әні жалғастырды. Жастары келген қариялар, өздеріне көрсетілген құрметке қуанысып қалды.
«Жер бетіндегі барлық қарт, оның қай жерде жүргеніне қарамастан осы мерекемен құттықталуы керек деп есептеймін. Жаңылмайтын жан болмайды. Олардың әрқайсысы өздері жасаған қылмыстары үшін өкініп, дұрыс жолға түскен адамдар»-дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...