Ратт мүшесі сотталғандарға дәріс өтті

Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі, «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша консультант-теологы Абулхайров Исмаил Ибрагимович ҚАЖД №60 мекемесінде болып, сотталған азаматтармен кездесті.
Кездесу барысында И.Абулхайров жазасын өтеушілерге «Ислам – бейбітшілікке шақыратын дін» тақырыбында дәріс берді. Дәріс өткізу кезінде, сотталғандар назарына көркем мінезділік пен сабырлық туралы, сонымен қатар Дін мен дәстүрдің негіздері және діни сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі хадистерді негізге ала отырып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келген салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың түп-тамыры Ислам дінінің шарттарымен біте қайнасып жатқандығын нақты дәлелдермен толығырақ түсіндіріп өтті. Кездесу соңында дәріске қатысқан жазасын өтеушілер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұғымды жауаптар алғандандарын айтып, алдағы уақытта осындай дәрістерді қайта өткізулерін сұрады.
Түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің Діни білімдері саяз болғандықтан теріс ақпараттарға сүйеніп жатады, осындай жайттардың алдын алу мақсатында Діни ілім берудің маңызы зор екендігін атап өтті САӘПТЖБ теологиялық оңалту орталығының әділет аға инспекторы Жамиев Мейрамбек

№60 мекеме баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...