СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАРҒА РАМАЗАН ТҮЗЕЛУ АЙЫ ЕКЕНДІГІ ЖЕТКІЗІЛДІ

Бүгін барша мұсылман халқы асыға күтетін «Рамазан» айының алғашқы күні. Бұл күнде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің АКАӘПТЖБ-нің теологиялық оңалту жұмыстарының ұйымдастыру тобының  инспектор теологы әділет лейтенанты Темірбек Сәулеттің ұйымдастыруымен Төлен ата мешітінің имамы Г.Бейсембаев пен бірлесіп, шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтарға кездесу өткізді.

Бұл кездесуде сотталған азаматтарға Рамазан айының ерекшелігі, ораза ұстаудың артықшылығы, Рамазанда түзеліп алудың маңыздылығы жайлы сөз сөйледі. Сонымен қатар, Рамазан оразасының кестесі таратылды.

Іс-шарада мекемедегі дінді ұстанушы сотталған азаматтар имамға  Қасиетті Рамазан айына және оразаға қатысты өз ұсыныстары мен сұрақтарын қойып, осындай маңызды кездесу үшін өз алғыстарын айтты.  

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...