Сотталған азаматтар жақындарымен жүздесті

18 шілде Нэльсон Мандела күні. Бұл күнді БҰҰ 2009 жылдың қараша айында ресми жариялап, ел алдында халықаралық күн деп тойлануда. Осы орайда, Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мекемесінде АКАӘПТЖБ бөлімінің бастығы әділет подполковнигі С.Сейдахметовтың ұйымдастыруымен сотталған азаматтар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. Бұл шараға, ҮЕҰ “Про-Боно” қоғамдық қорының өкілдері арнайы шақырылды. Спорттық сайыста бәсекелестікке түскен жазасын өтеушілерге арнайы жүлделі орындар мен сыйлықтар табысталды. Келесі кезекте, Нэльсон Мандела күніне орай шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар үшін “Ашық есік” күні ұйымдастырылды. Бұл күнде жазасын өтеуші азаматтардың жақындары мекемеге келіп, ішкі жай күймен танысады. Ең алдымен “Ашық есік” күніне келген туған туыстарына мекеменің теология және психология кабинеттері таныстырылып, атқаратын қызметтері жайлы, сотталған азаматтар үшін қандай көмек көрсететіндігі жайында айтылды. Әрі қарай шаруашылық қызметіне қалдырылған жазасын өтеуші азаматтардың жатахқанасы таныстырылып, сотталған азаматтар жақындарымен сырласты.
Ең алдымен мекемедегі әрбір сотталған азаматтардың өмірге, қоғамға қайта бейімделуі үшін атқарылып жатқан әрбір іс-шаралар біз үшін өте маңызды. Соңғы “Ашық есік” күнін 1-наурыз “Алғыс айту” мерекесі қарсаңына орай ұйымдастырсақ, араға үш ай салып айтулы күнде сотталған азаматтарды жақындарымен қауыштырдық. Барлық келушілер мен сотталған азаматтар бұл күнді ұйымдастырған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне дән риза және өз алғыстарын білдірді. Біз бұл үшін қуаныштымыз. Мұндай ауқымды іс-шараларды ары қарай көркейте отырып дамыту үшін мекеме басшылығы мен қызметкерлері аянбай тер төгіп қызмет етуінің арқасында — деп өз сөзімен қорытындылады Арнайы контингенттер арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Серік Сейдахметов.

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...