Сотталған әжелер бата беріп сайысты

Көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты #79 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматшалар арасында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім КММ бөлім басшысы және ҮЕҰ «Жаңа уақыт» қоғамдық бірлестігінің өкілінің қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараның басты мақсаты сотталған азаматшаларды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен мейірім-шапағатқа баурау болып табылады.
Наурыз мейрамы аясында сотталған азаматшалар ән айтып, би билеп, міндетті түрде атқарылатын қазақтың салт дәстүрінің рәсімдерін көрсетті. Сонымен қатар “Батасыз құл арымас, батасыз құл жарымас” демекші сотталған азаматшалар арасында бата айтудан байқау ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздарына мекеме бастығының бұйрығымен ақшалай сыйақы және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық келісім КММ бөлім басшысының атынан алғыс хатпен марапатталды.

Применение электронных средств слежения в ходе ОПМ «Безопасный дом»

На учете службы пробации Ауэзовского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлі

Мемлекеттік тіл – әділетті қоғамның, тәуелсіз елдің және біртұтас...

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...