12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандармен тренинг өтті

12.07.2022 жылы Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға психолог маман «Өмірлік мақсат қою дағдысын қалыптастыру және оңтайлы қарым-қатынасқа бейімдеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингке арнайы «Жігер» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің психологы Тлеуова Жаңагүл қатыстырылды.

Бұл тренингтің мақсаты, сотталғандардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру, жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм сезімдерін дамыту, сондай-ақ сотталғандардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту болып табылады.

Тренинг барысында сотталғандармен «Есімдер», «Сәлем, бұл мен..», «Өмірлік позияция», «Футболкадағы қолтаңба» атты төрт жаттығу түрі өткізілді.

Тренинг соңында Жаңагүл Тлеуова «Адамның таңдаған жолы ұлы болмайды, оны ұлы ету де тек адамның өз қолында екенін естен шығармай, жақсы-жаман қасиеттерімізді таразылай білгеніміз жөн.Сондықтан өздеріңізді құрметтеп, бір –бірлеріңізге жылы, жақсы сөздер айтып, сабырлы болыңыздар»,- деді.

Өткізілген іс-шараның соңында сотталғандар емін-еркін пікір алмасып, заңгер мен психолог маманға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

В Департаменте УИС по области Абай прошёл круглый стол с фондом «Ак-ниет» ко Всемирному дню НПО

В честь празднования Всемирного дня неправительственных организаций, а также...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай «Ақ-ниет» қорымен дөңгелек үстел өтті

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай, сондай-ақ азаматтық қоғам...

Жас әкенің оқиғасы: Абай облысындағы колонияда сотталған азамат қызын есте сақталған жадымен салып шықты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

История молодого отца: в колонии области Абай осуждённый создал портрет дочери по памяти

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...