Сотталғандармен консультациялар

ҚР ІІМ ҚАЖК «ЕС 164/9 мекемесі» РММ-де сотталғандарға тегін заң көмегі ретінде мекеменің заңгері кеңес береді. Тәртіптік жазаларды қолдану, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру, сот актілерін орындау мәселелері бойынша консультациялар беріледі. Бұдан басқа, сотталғандарға білім алу және жұмысқа орналасу құқығы және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғауға байланысты басқа да көптеген мәселелер туралы консультация беріледі, жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасасуға сенімхаттар беріледі; тұрғын үй-жай құқығын тану; жер учаскесіне меншік құқығын тану және сақтау; асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу; еңбек зейнетақылары мен еңбекақыларын тағайындау, қайта есептеу және өндіріп алу; Мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды адамдардың актілеріне сот тәртібімен шағым жасау және т. б.

Сотталғандарға заң көмегі тұрақты негізде ұсынылады. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың және күзетпен ұсталатын адамдардың заң көмегіне құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде бекітілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік беріледі. Мұндай көмекке деген қажеттілік мекемелерде көп кездеседі. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға заң көмегінің ерекше маңыздылығы мынадай бірқатар факторлардан туындады: құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді шектейтін қоғамнан оқшаулау, сотталғандардың өз құқықтарын іске асыру үшін құқықтық құралдарды пайдалануға мүмкіндік бермейтін құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың жеткіліксіз деңгейі. Бұл ретте аталған адамдардың арнайы құқықтық мәртебесінің болуы олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау құралдарында шектеулерді білдірмейді.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандардың білікті заң көмегін алу құқығы туралы конституциялық ережелер ҚР ҚАК-нің 106-бабының 6-тармағында нақтыланған, оған сәйкес сотталғандар заң көмегін алу үшін адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек көрсетуге құқығы бар өзге де адамдардың қызметтерін пайдалана алады. Бұл ретте адвокаттармен немесе заң көмегін көрсетуге құқығы бар өзге де адамдармен кездесулер ҚР ҚАК айқындайтын кездесулердің қатарына кірмейді, сондықтан олар сотталғанның өтініші бойынша ұзақтығымен олардың санын шектемей ұсынылады. Адвокатпен кездесу үшінші тұлғалардың естуінен тыс және техникалық тыңдау құралдарын қолданбай оңаша беріледі.

Заң кеңесшісі
ЕС «164/9 мекемесі » РММ»
ҚР ІІМ ҚАЖК М.Н. Төреқұлова

Орташа қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өткізілді

Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Су және...

В учреждении средней безопасности проведены спортивные мероприятия

Сотрудники Спортивной школы водных и игровых видов спорта Управления...

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...

Абай облысындағы қауіпсіздігі барыеша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында волейбол турнирі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности области Абай прошёл турнир по волейболу среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...