Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы назарда

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №3 мекемесінде сотталғандарды еңбекпен қамтуды көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірістік аумаққа кәсіпкерлерді тарту бойынша атқарылып жатқан іс аз емес.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі болғандықтан, сотталғандар мекемеден тыс аумақта орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істеуге құқылы. Келісім-шарт негізінде Астана қаласында орналасқан «Данмарт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай-ЖШС)  тігін цехіне Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімімен 7 сотталған ақылы еңбекпен қамтылған. Аталған цех, жұмыскерлерге барлық жағдайы жасалған. Асхана және киім ауыстыру т.б. бөлмелерімен жабдықталған.

Сотталғандарға керекті құрал-саймандары, киім-кешектері берілген. Өндірістік жарақатты болдырмау, алдын алу үшін сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторлары сотталғандармен қауіпсіздік ережесі туралы нұсқаулықты күнделікті жүргізеді.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...