Сотталғандарды жұмыспен қамту

Сотталғандарды тәрбиелеуде бірден бір нәтиже беретін іс-шара оларды еңбекпен қамту болып табылады. Бұл ретте шешуін күткен мәселенің бірі-жазасын өтеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыру.

Нарық жағдайында жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасында әртүрлі күрделі жағдайлар көп кездеседі. Әсіресе, бүгінде көптеген жеке кәсіпкерлер жұмысқа тұрған адамды жалақы беретін кезде, ақшаның жоқтығын айтып, олардан ақы-пұлсыз оңай құтылу үшін әртүрлі айла-тәсілдер қолданады. Ақшасын мерзімінде алмаған соң ол жерден кетіп, басқа жұмысқа, немесе мекен-жайға ауысады.

Осындай жағдайда шартты жазасын өтеп жатқан сотталған адамдар мекен- жайының өзгергені, басқа жұмысқа ауысқаны сияқты өздерінің өміріндегі өзгерістер туралы тиісті орындарға хабарлап, ақпарат беруді ескере бермейді. Сондықтан, шартты сотталу- адамның толық бостандықтағы жағдайда емес екенін, өз өмірінде болып жатқан жайларды тұрғылықты жердегі құқық қорғау органдарына не пробация қызметі бөліміне орын ауыстыру кезінде хабарлап отыру керектігін ұмытпауы қажеттігін үнемі естеріне салып отыруға тура келеді.

Пробация қызметі бөлімі іс-қызметінде ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, сооталғандар еңбек ететін кәсіпорындармен, мекеме-ұйымдармен, әртүрлі қоғамдармен, прокуратура-соттармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

СҚО бойынша ҚАЖД
Шал ақын ауданының
ПҚБ инспекторы
әділет капитаны
А.М.Спаен

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...