Сотталғандарды жұмысқа орналастыру

Пробация қызметінің қызметкерлері алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі есепке алынған адамдарды жұмысқа орналастыру болып табылады, осыған байланысты Петропавл қ. пробация қызметі бөлімімен халықты жұмыспен қамту орталығымен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Жұмыссыз есепке алынған адамдарға бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу тәртібі мен жеке кәсіпкерлікті ашу және іске асыру шарттары туралы мәліметтер тұрақты негізде өткізілетін кездесулер барысында ұсынылады.

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту орталығы Петропавл қ. пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, есепке алынған адамдарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде, оқу аяқталғаннан кейін одан әрі жұмысқа орналастыру жүзеге асырылады. Аталған іс-шаралар кешені сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осылайша, жұмысқа орналасу оларға өмірге деген көзқарастарын қайта қарауға, түзету жолына түсуге және нәтижесінде қоғамға лайықты тұлға болып оралуға мүмкіндік береді.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...