Сотталғандарды түзеудің түпкі бір әдісі — еңбекпен тәрбиелеу

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметі бөлімінің ең басты міндеті — сотталғандарды қайта тәрбиелеу арқылы түзелу жолына түсуіне ықпал жасау.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 28 жұлдызында Мұнайлы аудандық прокуратурасында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке мақсаты —  жазасын өтеп жүргендерді еңбекпен қамту.  Оған Мұнайлы ауданы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік құқықтық көмек көрсету бөлімі, сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған 19 сотталған жұмыс іздеуші ретінде қатысты.

Іс- шарада жұмыс іздеушілерге құрылысшы, бетоншы, көмекші жұмысшы, тазалаушы, оператор, хатшы, аула сыпырушы және тағы да басқа бос жұмыс орындар ұсынылды.

Нәтижесінде 2 сотталған жұмысқа орналастырылды. Олардың бірі Халыққа қызмет көрсету орталығына, екіншісі «Маңғыстау Жылу» мекемесіне жүк көлігімен су тасушы болып жұмысқа орналасты. Қалған сотталғандар бос жұмыс орындарына жолдама алды.

От точечных мер – к системному подходу

СИСТЕМНЫЕ НАРУШЕНИЯ ПДД, РОСТ АВАРИЙНОСТИ И ФАКТИЧЕСКАЯ УТРАТА ПРЕВЕНТИВНОЙ...

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...