Сотталғандарды тәрбиелеуде, отбасының орны зор

ҚАЖ департаментіне қарасты № 60 мекемесіінде мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының аға инспектор психологы А.Жүнісбековтың ұйымдастырумен «Халықаралық аналар және отбасы» күніне арналған іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға мекемеде жазасын өтеуші азаматтар қатысты. Отбасы- сотталған азаматтар үшін ауқымды және маңызы бар тақырып болғандықтан , кейбіреуі ойдан өлең шумақтарын шығарып жақындарына деген сағыныштарын жеткізді.

Өткізілген сабақтың негізгі мақсаты: жазасын өтеуші азаматтарға өмірде өзіңнің ет бауыр жақынынан артық құндылықтың жоқ екендігін түсіндіру, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындапау болып табылды.

Сабақ барысында сотталғандар өздерінің бостандықтағы жанұясымен өткізген қызықты сәттерін еске алып, ол естеліктерін бір-бірлерімен бөлісіп көңілді тарады.

Шара соңында А есімді сотталған анасына арнап шығарған өлеңін оқып берді.

Бұл өлең сотталғандардың анасын деген сағыныш сезімдерін оятты.

Жәннәттің төрінен орын берер анашым,

Бұл өмірде мәпейлеген, жалғыз өзің ғанасың.

Кішкентайдан баптап мені өсірген,

Көз алдымда аман жүрші жан асыл

Қателіктің азабын тартып келем

Аллаға сенімімді артып берем

Әлемнің бар ғажабын көрсемдағы

Анашым өзіңді артық көрем.

Екі ұлым,әйелім сізге аманат

Олар жүр сірә, өзіңізді паналап

Жаратқаным , шүкір айтам барыма

Аман болсын анашым, сол қанағат

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...