Сотталғандардың қолынан шыққан дүниелер балаларға тарту етілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері отбасы үлгісіндегі «Атамекен » балалар ауылына барды. Жазасын өтеушілердің қолынан шыққан түрлі туындыларды тәрбиеленушілерге табыстап, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Бұл ойыншықтардың басқа ойыншықтардан ерекшелігі түрлі-түсті бояумен балалар өздері бояп ала алады. Әр түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойыншықтарды таңдап алып, бояуға кіріскен бүлдіршіндердің қуаныштарында шек болмады.

«Бала- біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Біз үшін баланың жүзіндегі күлкі мен көңіліндегі қуанышты көру үлкен бақыт. Бүгін балаларға жазасын өтеушілердің жасаған туындыларын тарту еттік. Балаларға қуаныш сыйлау көмек көрсету азаматтық парызымыз деп есептейміз»,-деді ЗК-169/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.

«Бізге осындай мүмкіндік берген ағаларымызға алғысым шексіз.Ертегі кейіпкерлеріндегі ойыншықтар бізге ұнады. Оны өзіміз қалаған түстерімізге бояп, ақша жинайтын боламыз»,-деді балалар ауылының тәрбиеленушісі Полина Федорова.

Дана Достанова
Қызылорда облысы облысы ҚАЖД

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...