Сотталғандар шағын футболдан аудандық жарысқа қатысты

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Ескелді ауданың Прокуратурасының бастауымен Ескелді ауданының әкімдігінің ұйымдастыруы бойынша және Алматы облысы және Жетысу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Ескелді аудандық пробация қызметімен бірлесіп шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысқа Ескелді ауданының Прокуратурасы, Пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, Полиция бөлімі, балаларды жаттықтыру спорт мекемесі, жастар саясат орталығы және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы қатысты.

Ойынның қорытындысы бойынша 1-орын Полиция бөлімі иеленді, 2-орынды Пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар алды, 3-орынға бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы командасы ие болды.

Жүлдегерлерді Ескелді аудандық әкімдігінің кубогы, медальдармен және мақтау қағаздармен марапаттады.

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...