Сотталғандар наурыз мерекесінде спорттық іс-шараға қатысты

ЗК-169/1 тергеу изоляторында 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі алдында шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында спорттық іс — шара өтті.

Бұл іс шараны мекеменің тәрбие бөлімі жоспарға сәйкес, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесе отырып ұйымдастырды.

Аталмыш мекеменің әдіскерлері Бертай Сағадат пен Оңталап Жәнібек қатысып, жарысқа төрағалық етті.

Жазасын өтеушілер арқан тарту, кір тасын көтеру, турникке тартылу бойынша екі топ болып сынға түсті.

Нәтежиесінде, білек күші басым түскен «Арлан» тобы арқан керуден алда болды.

Екінші «Сұңқар «тобындағы сотталған азаматтар кір тасын көтеруден озық түсті.
Ал, турникке тартылу бойынша С есімді азамат, шыдамдылығымен барлығын басып озып, тобындағыларды жеңіске жетеледі. Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға рахмет айтамыз. Жарыс тартысты өтті. Бар күш жігерімізді салдық. Көктемнің жылы лебінен бе, желпініп, біраз сергіп қалдық. Тергеу изоляторы қызметкерлерін, барша қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтаймыз — деді , жеңіске жеткен Сұңқар тобындағы азамат.

Біз, сотталғандарды ынталандыру мақсатында жарыстарды жиі ұйымдастырамыз. Бүгінгі іс -шараның мақсаты: Наурыз мерекесін атап өту, ұлық мерекені ұлықтау, сотталғандардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды оң тәрбиеге қарай бағыттау болып табылады — деді, әділет капитаны А. Тұрманов

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...