Сотталғандар кәсіби спортшылармен баскетбол ойнады

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар кәсіби спортшылармен баскетбол ойнады.

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты қауіпсіздігі жоғары №12 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай баскетболдан шағын турнир өткізілді.

Турнирге сотталғандар командалары, Конаев қаласының баскетболшылары және Дамир Аманжолов, Артем Резников, Сағын Қазбек, Мират Муссабаев және Жасұлан Ерланұлы кәсіби спортшылар қатысты.

«Бұған дейін біз бұл мекемеге барып, алдын-алу жұмыстарын жүргіздік. Әркімнің қателік жіберуге құқығы бар және әр сынақтан лайықты өту керек. Ең бастысы әрқашан адамгершілікті жоғалтпауымыз қажет»,- деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам қайраткері Дамир Аманжолов.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль, грамота және сыйлықтармен марапатталды.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...