12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар көне қалалар тарихын тарихын танып білді

1984 жылдан бері сәуір айының 18-інде әлемде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні атап өтіледі. Бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын.

Міне, осыған орай, ЗК- 169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары көне қалалар тарихына онлайн форматта саяхат жасады.

Нақтырақ айтар болсақ, Қызылорда Облыстық Тарихи- өлкетану музейінің филиалы Т.Айтбаев атындағы көкем — сурет галлериясының қорынан жасақталған көрмені тамашалады.

Олар бұл көрмеге қойылған Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Т.Сағымбаевтің тарихи ескерткіштер тақырыбындағы бірқатар туындыларын тамашалап, осы туындылар жайында айтылған музей қызметкерінің шолуын ерекше ықыласпен тыңдады.

Жергілікті қыл қалам шеберінің 2-4 ғасырдағы көне қала бейнесі « Шірік рабат» атты туындысын, 7-11ғ оғыз елінің астанасы болған « Жаркент» қалашығы бейнелеген шығарманы және 12-13 ғ «Сығанақ» қаласы бейнеленген туындыларды көріп, танысты.

Сондай-ақ, 7-8 ғ өмір сүрген Қорқыт атаға арналған ескерткіштер туралы да біраз мағлұматтарды естіп білді.

Бүгінгі онлайн көрмеден Қызылорда өлкесіндегі тарихи көне қалалар туралы көріп, білгендерімізді еске түсірдік. Көрмедегі суреттердің бояуы қанық болғандықтан бізге тым әсерлі болды. Тарихи орындарды тамашалай отырып, бейне бір сол ғасырлар әлеміне барып келгендей болдық- деп, сотталған өз ойымен бөлісті.

Біз қамаудағылармен топтық және бұқаралық тәрбие жұмыстарын жиі жүргізіп отырамыз. Бұл (сабақтар, дәрiстер, жиындар, диспуттар, конкурстар, көркем өнерпаздар байқаулары, спорттық-ойын сауық iс-шаралары) Бүгін олардың мәдени әлеуетін арртырып, патриоттық тәрбие беру мақсатында, онлайн форматта көрме ұйымдастырдық. Жазасын өтеушілер қоғамнан оқшауланғанмен, оларға қамауда отыр — ақ, онлайн форматта музейлерге саяхат жасатып, көрмелерді көруге мүмкіндік жасап отырамыз — деді, АКАӘПТЖБ- нің бастығы, әділет капитаны А.Тұрманов.

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...