Сотталғандар эссе жазып бірлік карталарын ұтып алды

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқарамасының мемлекеттік тапсырысы аясында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті «№60 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Асыл мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мекеменің №8 жасағында ұсталатын сотталғандар арасында «Қазақстан халқы тілдері мерекесі» күніне орай шығармашылық сайыс өткізілді. Ісшараға барлығы 14 сотталған қатысты. 11 сотталған тақырып бойынша эссе жазып тағы 3 сотталған сурет салды. Барлық шығармаларды арнайы мамандар тексеру арқылы жүлделі І, ІІ және ІІІ орындар анықталды. Аталған орындарға ие болған сотталған азаматтарға 5000, 3000 және 2000 бірлігі бар Қазақтелеком карталары сонымен қатар қалған барлық қатысушыларға 1000 бірлігі бар карталар сыйға берілді.

Сотталған азаматтар өткізілген ісшараға белсенді ат салысып қана қоймай, алдағы уақытта да осындай ісшаралардың жиі болып тұрса деген ұсыныстарын білдірді.
«Бүгінгі эссе жазу сайысына қатысып 2000 бірлігі бар карта ұтып алдым. Мекемеге жиі келетін діни бірлестік өкілдері мен теологтар арқылы өзіміздің діни мәселедегі қателіктерімізді үйреніп жатырмыз. Арасында осындай шығармашылық сайыстар жүргізіліп тұрса біз өзіміздің ойлау қабілетімізді дамытып отыруымызға септігі тиер еді», — дейді сотталғандардың бірі.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...