Сотталғандар арасында желтоқсан құрбандарын еске алу турнирі өтті

Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемалекеттік мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай спорттық іс- шара өтілді.

Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл спорттық іс- шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскері Ж.Оңталап пен Ғ.Мәмедкәрім келіп, төрағалық етті.
Шара барысында алдымен, жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Ниязов іс-шараны ашық деп жариялап, тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Мемлекеттік әнұран орындалды.

1986 жылғы оқиға зардабынан запа шегіп, қаза болғандарды еске түсіріп, бір минут үнсіздік жарияланды.

Одан соң, сотталғандар турниккке тартылу, арқан тарту мен кір тасын көтеріп, жарысқа түсті. Жарыс қызықты өтті. Қортынды нәтижиесі ретінде, көтермелеу мақсатында марапаттаулар болды.

Бұл жарысты қылмыс жасаған азаматтарды түзелу жолына бағыттау мақсатында өткізіп отырмыз. Бас бостандығынан айрылған азаматтардың ой-өрісін психологиялық тәрбиелеу және еңбекке баулу мен әртүрлі спорттық шараларға қатыстыра отырып тәрбиелейді. Спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп,бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады — дейді, бөлім бастығы міндетін атқарушы Н.Ниязов

«Әке жүрегіндегі сағыныш»: сотталғандар балаларына деген сезімдерімен бөлісті

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің...

В учреждении №20 ДУИС по области Абай проведён психологический тренинг

В учреждении №20, подведомственном Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...