Сотталғандар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында үстел теннисінен турнир өтті. Аталған шара сотталғандарды рухани жігерлендіру, олардың тәртіп бұзушылықтарының алдын алу, қоғамға бейімдеу мақсатында қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Қазіргі уақытта пробация есебінде 170-тен астам тұлға тұр. Пробация қызметкерлері есепте тұрғандарды күнделікті мекен-жайы бойынша тексеріп, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді, әр түрлі шаралар өткізіп тұрады. Былтыр үстел теннисінен 4 жарыс өткен болатын.

Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Сәрсенхан Малыбековтың айтуынша, қателік жасап сотты болған жастарды қоғамға бейімдеу мақсатында олар әр түрлі спорттық іс-шараларға тартылады. Мұндай шаралар жастар орталығының және қала әкімдігінің қолдауымен жиі өткізіледі.

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...