Сотталғандар арасында спорттық шаралар өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде сотталғандар арасында шахмат пен шашка, қол күрестен, футбол ойындарынан жарыс өткізілді. Жарысқа 80 сотталған азамат мен азаматша қатысты. Қатысушылар ойын ережесін сақтап, бір-біріне сыйластық білдіріп, ұстанымдылық көрсетті. Өйткені олар әр жасаған жүріс жеңіске немесе керісінше ұтылысқа әкелетінін білді.

Әйел азаматшалар дойбы, ал ер азаматтар шахмат ойнап жарыс көркін қыздырды. Шара одан әрі футбол ойынымен жалғасын тапты. Сотталғандардан құралған бес команда аяқ доп жарысынан бақ сынады. Спорттық жарыс өте тартысты өтті. Командалық есеп нәтижесінде 1-орынды «Аманат» командасы алса, екінші, үшінші, орынды «Алға» мен «Орда» командалары өзара бөлісті.

«Осындай жарыс түрлері мекеме қабырғасында жиі өткізіледі, себебі сотталған азаматтардың ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған сотталғандар мекеме басшылығымен марапатталды»,- деді жасақ бастығы әділет капитаны Сұлтан Айғара.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...