Сотталғандар арасында Республика күні атап өтілінді

Қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында 25- қазан Республикасы күніне орай спорттық іс- шара өтілді.

Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл спорттық іс- шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскері Ж.Оңталап пен Ғ.Мәмедкәрім келіп, төрағалық етті.
Іс-шара барысында алдымен әділет майоры, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Олжабаев іс-шараны ашып, мереке тарихымен таныстырып өтті.

Одан соң, сотталғандар турниккке тартылу, арқан тарту мен кір тасын көтеріп, жарысқа түсті. Аталған іс-шараға белсене қатысқан сотталғандарға «Алғыс» жарияланып марапатталды.

Жарыс қызықты өтті. Әсіресе, арқан тарту кезінде, біздің топ мүшелері намысқа тырысып бақты. Біраз көңіліміз көтеріліп қалды. Бүгінгі ұйымдастырған іс- шара үшін мекеме қызметкерлеріне алғысымыз зор.

13 жылдан соң,қайта мерекеленіп отырған Республика күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Еліміз өркендеп дами берсін.

Бұл жерге түскен соң, көп ойланатын болдым.

Бостандыққа шыққан соң, отбасыма , Отаныма пайдамды тигізер азамат болсам деймін — деді, жарысқа қатысқан сотталған.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...