Сотталғандар арасында психологиялық клубтың кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37, №60 мемлекеттік мекемесінде психологияға қызығушылық танытқан сотталғандар арасында психологиялық клуб құрылған болатын.

Бүгін №60 мекемеде психологиялық клубтың кезекті отырысы өтті. Шараға Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының сектор басшысы Қаратайұлы Шакизат және осы орталықтың аға сарапшысы Ахметова Айжамал қатысты.

Өткізілген іс-шараның басты мақсаты- білім мен дағдыларды біріктіру. Кезекті сабақ клуб мүшелерінің қатысуымен «Жанжалсыз өмір сүр» тақырыбында өтті. Сабақ барысында сотталған азаматтармен эмоциялар мен сезімдерді түсіну және білдіру дағдыларын қалыптастыруға, жанжал жағдайында сенімді мінез-құлыққа, жеке қасиеттер туралы білімді қалыптастыруға арналған тренинг жаттығулары жүргізілді. Сонымен қатар клуб мүшелерінің арасында топтық пікір-талас өтті.

Шара соңында сала мамандары тарапынан сотталған азаматтарға психологиялық кеңестер беріліп, сотталған азаматтар көкейлерінде жүрген сұрақтарына қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...