Сотталғандар арасында «Ата көрген оқ жонар» атты тәрбиелік қолөнер сайысы өтті

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай БҚО ҚАЖД #28 мекемесінде сотталғандар арасында «Ата көрген оқ жонар» атты тәрбиелік Қолөнер сайысы шара өтті. Шара мекеменің инспекторы теологтары ұйымдастыруымен облыстық Дін істері басқармасының «Аманат-Жайық» қоғамдық қорымен бірлесе өткізілді.

Мақсаты — Дін ұстанушы намаз оқитын сотталғандарды Отансүйгіштікке, Ұлттық қолөнерді дамытуға және дәстүрлі Ислам дінін дұрыс түсінуге , экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсаты қойылды. Жарыс үш кезеңнен тұрды.

1.Өзін-өзі таныстыру (Команданың аты, ұраны)

2.Мақал мәтел сайысы (Отан,Жер,Отбасы,Қолөнер,Білім туралы 5 мақал)

  1. Үй тапсырмасы (жасаған бұйымдарын (сурет салу,ағаш пен темірден әртүрлі нәрсе жасау) таныстырады)
    Осындай кезеңдерден мүдірмей өткен сайыста «ЖК қайыр» І орын алса , ІІ орында «Береке», ІІІ орынды «Жеңіс» тобы ие болды. Барлық қатысушы марапатталып ,Қорытынды сөзде Мешіт имамы Мустафин Серік «Өзіне-өзі қол жұмсау — Жаратқанға қарсы шығу » тақырыбын уағыз дәрісі айтылды.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...