Сотталғандарға әлеуметтік көмек

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Талдықорған қалалық пробация қызметінің ықпалымен, өмірдің қиын жағдайына тап болған есепте тұрған 4 сотталған бір реттік 15 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізді.

Пробация қызметі есептетұрған сотталғандардың тұрмыстық қиын жағдайларын ескеріп, жергілікті жұмыспен қамту орталығына есепте тұрған азаматтардың өтінішін жеткізіп, тиісті құжаттарды жинақтап, өткізуіне көмек береді. Әлеуметтік көмекке өтініш жасаған қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың өтініші қанағаттандырылып, ақшалай көмек көрсету туралы шешім шығарылды.

Бүгінге күнге дейін өмірдің қиын жағдайына тап болған 4 сотталған әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізсе, тағы 6 сотталған жәрдемақы алу үшін жергілікті жұмыспен қамту орталығына құжаттарын өткізіп койды.

«Жалпы, пробация қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтардың түзелу жолына нық тұруы үшін атқарылып жатқан осындай көмек түрлері олардың қайта қылмысқа бармауына көмектеседі деп сенеміз», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Косжанов.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...