Сотталғандарға әлеуметтік бағдарламалардың ережелері мен қолжетімділігі түсіндірілді

Жақында халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде пробация қызметінде есепте тұрғандарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жария ету мақсатында Маңғыстау облысы прокуратурасының қылмыстық жазаларды орындауды қадағалау басқармасының өкілі Асылбек Асанов, Мұнайлы ауданы пробация қызметі, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев, «Антарес-К» қоғамдық қорының өкілі Райхан Бекманова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен орталығының қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері атынан Ш.Есенов атындағы колледждің арнайы пәндер оқытушысы Азидулла Алдабергенов және осы колледждің стунденттері кездесуге волонтер ретінде қатысты.

Аталған кездесуге тұрақты жұмысы жоқ пробация есебінде тұрған 30-дан астам сотталғандар шақырылды. Сотталғандарға әлеуметтік бағдарламалардың ережелері мен қолжетімділігі түсіндіріліп, бос жұмыс орындары оның ішінде «Еңбек-Ақтау» кәсіпорында 10 астам тігінші ретінде бос жұмыс орындар ұсынылды. Кездесу барысында бірнеше сотталушы заң консултьтациясын алуға ниет білдіріп Азидулла Алдабергеновпен кездесуге ниет білдіріп, 10-нан астам сотталушы жұмыс орнын тапты. Кездесуге мысал ретінде Мұнайлы ауданының пробация есебінде тұрған сотталған адам қатысып, 583 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант алып, бөдене мен оның жұмыртқасын өсіру бойынша қосалқы шаруашылық ашты. Маңғыстау облыстық пробация бастығы Ғабит Чутабеков осындай шаралар облыстың басқа аудандарда да өткізіліп жатқанын атап өтті.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...