Сотталғандарға электронды білезік тағыла басталды

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарға арналған электрондық білезіктерді ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінде де  қолданыла бастады. Атап айтқанда педофильдерге, ауыр қылмыс жасағандарға, жазаны өтеу шарттарын үнемі бұзатындарға.  Оларға түнгі уақытта үйден шығуға, ескертусіз тұрғылықты жерінен тыс жерлерге сапар шегуге тыйым салынған. Мұның бәрін алдағы уақытта пробация қызметкерлері бақылай алады.

Білезікті шешуге тырысқанда, бақылау мониторының экранында бұзушылық туралы белгі пайда болады. Белгіленген тыйым салуларды бұзу, электрондық бақылау құралдарын қолданудан бас тарту немесе жабдықты бүлдіру анықталған кезде пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасының түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін материалдарды сотқа береді. Есепке алынған адамдарды қашықтан бақылау құралдары сотталғандардың қайта қылмыс жасау тәуекелдерін барынша азайтуға және пробация қызметінің бақылау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қалған сотталғандар үшін мобильды құрылғыларда арнайы қосымшаны пайдалану көзделеді. Алдағы уақытта пробация қызметінің есебінде тұрған барлық сотталғандарға электронды бақылау құралдарын қолдану практикасын кеңейту жоспарлануда.

         Э Мукитанова,

ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...