Сотталғандарға ел рәміздері ұлықталынды

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. 1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңына қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз — ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні.

Ал, 2007 жылы 4 маусымда қабылданған заңға байланысты жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтіледі. Осы күнге орай, ЗК-169/1 тергеу изоляторында сотталғандар арасында ел рәміздері ұлықталынды. Мекеменің тәрбие бөлімінің шақыртуымен қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы кітапханашылары келді. Олар экстремизм және тероризм баптары бойынша сотталған азаматттарына «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» тақырыбындағы кітап көрмесін алып келіп таныстырды.

Көрмеге Ата заңымыз « Қазақстан Республикасының Конститутциясы» « Елтаным», Ы.Сағынтаевтің«Қазақстан Республикасының рәміздері» Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» т.б кітаптар мен мерзімдік басылымдарға шықққан мақалалар қойылды. Алдымен, кітапханашы осы кітаптарға шолу жасады. Одан соң, сотталғандарға танымдық викториналық  сұрақтар қойылды. Қамаудағы Н есімді азамат белсене жауап беріп, жалпы кітап оқуға деген қызығушылығының зор екенін танытты. Рәміздер – ұлт тұтастығының ерекше бедел-бедері, тәуелсіздігіміздің басты құжаты. Ел нышандарын білу әр азаматтың парызы.

Сондықтан да, бүгін біз сотталғандардың бойында патриотизм рухын нығайту мен еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімін арттыру мақсатында, насихатттау жұмыстарын ұйымдастырдық. Өткізілген іс- шара арнайы аймақта қамауда ұсталынып отырған азаматтардың діни көзқарастарын өзгертуге, елжандылыққа баулып, отаншылдық сезімін арттыруға игі ықпалы етті — деді, АКАӘПТБ- нің бастығығы, әділет капитаны А.Тұрманов.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...

В учреждении минимальной безопасности ДУИС по области Абай для осуждённых организовали праздничные мероприятия

В учреждении минимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...