Сотталғандарға арналған кітапхана жаңа кітап қорымен толықты

Кітап – адам жанының рухани азығы, адамгершіліктің қайнар көзі, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы.

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 кітапханасы 285 дана жаңа кітаппен толықты. Әдеби кітаптарды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы тарту етті.

«Мекемеде бас бостандығынан айырылған азаматтармен тәрбиелік мәні бар шаралар жүйелі жүргізіледі. Тәрбиелік ықпал ету жұмыстарының бір бағыты ретінде сотталған азаматтардың білім және мәдени деңгейін арттыру қарастырылған. Мекемеде сотталған азаматтарға арналған кітапхана жұмыс жасайды. Кітапхана қорында 1500-ге жуық кітап бар. Жазасын өтеушілер ішкі күн тәртібіне сәйкес, мекеме кітапханасынан қажетті кітаптарды оқи алады. Оның ішінде қазақтың ұлы ақын жазушыларының , орыстың классик жазушыларының роман- повестері бар. Кітап оқитын сотталғандардың саны өскен. Кітап оқу ой-өрісіңді дамытып, болашаққа деген сенім пайда болып, өзінді тануға көмектеседі. Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау мекеме әкімшілігінің үнемі назарында»,- дейді Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлімінің бастығы әділет майоры Уайдаев Абдолла Нағашбекұлы.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...