Сотталғандарға арналған электронды бақылау құралдарының жұмысы

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Текелі қалалық пробация қызметінің бөлімшесінде, сотталғандарға қатысты электронды бақылау құралдары қолданылуда.

Жақында, сотталғандарға электрондық браслеттерді қолдану барысында, пробация есебіндегі тұрған әйел адамның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Электрондық бақылау құралдары арқылы, Пробация инспекторларының талаптардың сақталуын қадағалануын біле тұра, сотталған әйел сот белгілеген шектеулерді бірнеше рет бұзды.

Сотпен жүктелген міндеттердің бұзылғандығы анықталғаннан кейін Текелі қаласының пробация қызметі жаза түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін материалды сотқа жіберді.

Пробация қызметінің ұсынысы бойынша Текелі қалалық сотының Қаулысымен бас бостандығын шектеу түріндегі тағайындалған жазаның өтелмеген мерзімі қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстырылды.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...