СОТТАЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСТЫ

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Петропавл қаласының пробация қызметі бөліміне сотталған «К» қатысты заңды күшіне енген үкімнің орындалуы туралы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының өкімі келіп түсті.

Есепке қою кезінде сотталған адам қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеудің шарттары мен тәртібімен, оған сот жүктеген міндеттермен және оларды орындамаудың салдарымен танысты.

Қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған жағдайда жауапкершілік туралы ескертілді. Сотталған «К» ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша 80 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде Петропавл қалалық сотымен сотталды.

Сотталған «К» қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде сот тағайындаған жазаны орындаудан үзілді-кесілді бас тартты.

Жұмыс күнінің соңында сағат 19.00 шамасында «К» сотталған пробация қызметі бөліміне келіп, қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару және пробация қызметінің инспекторы тарапынан осы мәселеде көмек көрсету мақсатында инспекторға пара ұсынды.

Сотталған өз проблемасын осылай шешуге бірнеше рет тырысқандықтан, ПҚБ инспекторы оның шарттарына шартты түрде келісіп, бұл факт туралы СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобына хабарлады.

Жедел іс-шара барысында СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері СҚО бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының және СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесіп Петропавл қ. ПҚБ кабинетінде пробация қызметінің инспекторына 80 сағат қоғамдық жұмыс түрінде жазаны өтеуге тартылмағаны үшін 30000 теңге сомасында пара бергені үшін «К» пара беру жерінде сотталған адамды ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі «Пара беру» қылмыс құрамының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сотталған «К» параның жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...