Сотталған сағынышын өлең етіп жазды

ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған Нұртілеу ҚК-293 бабы 5 жылға бас бостандығынан айрылған.

Бұл істі болып, қамалып жатқанда әйелі үшінші перзентін дүниеге әкелген болатын.

Есептеп отырса сол кезде дүние есігін ашқан ұлы ол бостандыққа шыққанда беске толады екен.

Сол перзентінің алғаш күлгенін,тапұл-тұпыл басқанын,жүргенін көре алмағанына өкінеді. Басқа да балаларын, ата- анасы мен жарын қатты сағынып жүр.

Сондай шақтарда қолына қалам алып, сағынышын өлеңмен жазады. Өлең деген тумайды жайшылықта демекші, мұнда келгелі әртүрлі сезімді басымнан кешірдім.

Ішімде бір терең мұң бар. Соңғы кезде сол мұңды қағаз бетіне түсіріп, күнделік етіп жазып жүрмін. Кейде өлеңде жазамын. Осында отырып, бостандықтағы күндерімді бос өткізгеніме, ашу үстінде жасаған қылмысыма өкінемін — дейді, орда бұзар отыз жастағы азамат.

Сағыныштан сарылып сары уайым

Сезімімді буырқанған неғылайын

Іштегі сыр, өлең боп ақтарылсын

Ақ қағазға түсіріп, шимайлайын.

Ата-анам, алыстағы амансың ба?
Амансың ба, ұл-қызым,күнім, айым.
Есенсің бе,ақ маңдай асыл жарым,
Сағындым бірге өскен дос-жараным.

Сағындым туған-туыс бауырымды,

Баурайы жасыл-желек ауылымды.

Темір торда отырып сағым сынды,

Жете алмай өздеріңе жаным мұңлы

Қылмысыма жасаған өкінемін
Жаратқаным пендеңді кешіре біл.
Бостандыққа шыққан соң,еңбек етіп,
Барлығыңның мерейіңді өсіремін.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...