Сотталған әйелдер саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4  (әйелдер колониясы) мекемесінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған шара өткізілді. Жазасын өтеп жатқан әйелдер социализмнің тоталитарлық, казармалық сипат алуы, ұлт зиялыларының саяси қудалануы және Сталиндік Карлаг, Гулаг, Алжир лагерьлері жөнінде тарихи баяндама тыңдады. Осынау  қарама-қайшылық пен қиыншылыққа толы жолда 100 мыңнан астам қазақстандық қуғын-сүргінге ұшыраса, оның төрттен бірі атылды.

Жазасын өтеуші әйелдер осынау саяси репрессия құрбандарын еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялады.

Шара соңы еске алу күніне арналған кино көрсетілімімен аяқталды.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...