Сотталған азаматтар арасында үстел жарысы ойындары өткізілді

СҚО бойынша ҚАЖДепартаменті ЕС-164/3 мекемесі сотталған азаматтар арасында үстел ойындары түрлерінен шахмат пен шашки ойындары арналған жарыс ұйымдастырылып өткізілді, оған 110 сотталған азамат қатысты. Сайысқа қатысушы әрбір ойыншы өзінің қарсыласын әртүрлі ойынның сиқырлы әдістерін пайдаланып қызығушылықпен жалғастыра алды.

Ойыншылар бір-бірлеріне қарсылас ретінде ойын ережесіне сай, сыйластық білдіре отырып, ұстанымдылық көрсетті, өйткені әр жасаған қадам немесе жүріс жеңіске немесе керісінше ұтылысқа әкелетінін білді.

Осындай жарыс түрлері мекеме қабырғасында жиі өткізіледі, себебі сотталған азаматтардың ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған сотталған азаматтар мекеме басшылығымен марапатталды.

Осындай тәрбиелік мақсатта өткізілетін мәдени іс-шаралар жиі өткізіледі, өйткені сотталған азаматтарға оң тәрбиелік ықпал етуде, ой қабілеттерін дамытуға, сол сияқты үстел ойындарының дәрежесін көтеруге және де болашаққа деген жақсы көзқараспен қарауға бағыттайды.

САӘПТжБ жасақ бастығы
әділет майоры Кұсайын А.А.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...