Сотталған анасымен қауышты

ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы сотталғандармен ұзақ мерзімді кездесулерге тек әйелі, балалары ғана емес, аналары да келіп тұрады. Соның бірі, Ғалымжан есімді сотталған азаматқа ең жақын адамы — анасы келді. Елу жеті жастағы ананың айтуы бойынша Ғалымжан үйінің кенжесі. Қаладағы құрылыс жұмыстарында сылақшы болып еңбек етіп жүрген. Тапқан табысын қалың малға жинапты.

Сол күні балам жұмыстан кеш оралды. Көйлегінің жағасы жыртылған. Жағаңа не болды дегенімде, жұмыстағы балалармен төбелесіп қалдым деп қысқаша жауап берді. Ертеңіне таң ертең полиция келіп алып кетті. Міне, енді соның өтеуін өтеп отыр- деп, анасы көзіне жас алды.

Ал, анасының кездесуге келгеніне қуанышты жас жігіт,сезімін былайша білдірді:

Бүгін анамммен кездесуге мүмкіндік берген мекеме басшылығына алғысымды білдіремін. Анам өзімен үй тағамдарын әкеліпті.Соның ішінде жұмсақ бауырсақтарын құмарта жедім. Мұнда төрт мезгіл тамақ береді.Әйтседе, анамның қолымен , мейрімімен жасалған тағамдардың дәмі ерекше екен. Қамауда отырып, бостандықтың, жаныңа жақын туыстарыңның қадірін жете түсінеді екенсің – деді, ҚР ҚК- 106 бабының 1- бөлігі бойынша 3 жыл 8- айға бас бостандығынан айрылған 30 жастағы сотталған азамат.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...