12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандарға сенімхат рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде бүгінде 150-ден астам азамат жазасын өтеуде. Бұл мекемеде жазасын өтеушілердің тек жаза мерзімін өткеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың құқықтық сауатын арттыру, отбасымен байланысын нығайту және азаматтық-құқықтық қатынастарын реттеу мәселелері де басты назарда.

Осы мақсатта мекеме заңгері Жалғас Есмаханов жазасын өтеушілерге азаматтық-құқықтық мәселелер, соның ішінде неке және отбасы қатынастары, сондай-ақ сенімхат рәсімдеу тақырыптары бойынша кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сотталғандар көбіне өздеріне тиесілі мүлікті туыстарына беру үшін сенімхат рәсімдеуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайларда мекеме заңгері оларға құқықтық көмек көрсетіп, құжаттарды дұрыс әрі заң талаптарына сай рәсімдеуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар, көлік құралдарын жақындарына сенімхат арқылы басқаруға немесе сатуға рұқсат беру мәселелері де жиі кездеседі.

– “Заң баптарын терең әрі түсінікті етіп түсіндіру – менің негізгі міндетім,” – дейді мекеме заңгері Жалғас Есмаханов.

Құқықтық көмекпен қатар, мекеме заңгері жазасын өтеу барысында заңды некеге тұруға ниет білдірген азаматтарға қажетті құжаттарды дайындауға көмектесіп, оларды тиісті органдарға жолдайды.

Осылайша, №37 мекеменің құқықтық қызметі қиын жағдайда қалған жандардың болашаққа үмітпен қарауына, жаңа өмір бастауына мүмкіндік беруде маңызды рөл атқаруда.

«ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» – ОРТАҚ НИЕТ, НАҚТЫ ІС

Бейбіт күннің бағасын білетін ел қауіпсіздікке ешқашан бейжай қарамайды....

АЛҒАШҚЫ ӨНІМ ЖИНАЛУДА

Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтары қарбыздың алғашқы өнімін жинап жатыр....

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК

2025 жыл Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық байланыстары үшін...

AGROFEST – 2025 БАСТАЛДЫ

Төртінші мәрте өткізіліп отырған шараға Қазақстан мен Ресейден келген...

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС

2025 жылы Қазақстанда жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытындағы мемлекеттік...