Сотталғандарға арналған тәрбиелік жұмыс шеңберінде «Жау жүрек мың бала» көркем фильмі көрсетілді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №10 мекемесінде сотталғандарға арналған тәрбиелік жұмыс шеңберінде «Жау жүрек мың бала» көркем фильмі көрсетілді.

Іс-шара идеологиялық, патриоттық және адамгершілік-тәрбиелік бағыттағы жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Фильмді көрсету сотталғандар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, тарихи мұраға құрметті арттыруға және адамгершілік тәрбиені нығайтуға бағытталды.

Мекеме әкімшілігінің мәліметінше, мұндай форматтағы іс-шаралар сотталғандардың құқықтық санасын арттыруға және оларды қоғамға бейімдеуге оң ықпал етеді.

Аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...