12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандарға амнистияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық мекемелерінде сотталғандарға амнистияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде амнистияны қолдануға байланысты мәселелер бойынша сотталғандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Арнайы есеп бөлімінің бас маманы сотталғандарға қолданыстағы амнистия туралы заңның негізгі ережелерін, оны қолдану тәртібін, амнистия қолданылатын адамдар санаттарын, сондай-ақ жазадан босату немесе жаза мерзімін қысқарту негіздері мен шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Іс-шараның мақсаты — сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жалған ақпарат пен алыпқашпа әңгімелердің алдын алу, сондай-ақ амнистияны қолдану рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Кездесу барысында сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай кездесулер сотталғандардың құқықтарын түсініп, оларды заң аясында іске асыруына ықпал етеді.

№64 мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64...

ШЕТЕЛ МЕН АУЫЛ АРАСЫН ЖАЛҒАҒАН ҒАЛЫМ

Ауыл – қазақтың күретамыры. Тәуелсіздіктің алғашқы қиын кезеңдерінде тоқырауға...

Заң мен тәртіпті сақтау — жалпыға ортақ міндет

Заңның үстемдік құруы барлық мемлекет үшін басты құндылық саналады. ...

Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында...